Ақтауда бір мектепте сегіз жұп егіз бірінші сыныпқа барды
<p style="text-align: justify;">Ғажайып құбылыс Ақтау қаласындағы № 12 жалпы білім беретін орта мектепте тіркелген. Білім күніне арналған салтанатты жиында 8 жұп егіз бірінші сыныпқа барды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Мектеп табалдырығын жаңа аттаған егіздер үшін шеру ұйымдастырылып, оқушылар өздерінің жаңа достары және мұғалімдерімен амандасты.
Ал алғашқы қоңырау соғу құрметіне ағайынды Мирас пен Диас Мурадовтар ие болды.

Мектеп басшылығының айтуынша, № 12 орта мектепте егіздердің рекордтық саны биыл алғаш рет тіркеліп отыр.
«Біздің мектепте бұрын-соңды мұндай жағдай болған емес. Бастапқыда мұғалімдерге кейбір егіздерді ажырату қиын болатын шығар, бірақ уақыт өте келе бір - бірімізге үйренеміз. Бастысы сапалы білім мен тәрбие беруге тырысамыз», деді мектеп директоры Жанат Анисова.