Президент
1 мин оқу 270

Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

<p style="text-align: justify;">Ақорда резиденциясында 5 мемлекеттің Төтенше және Өкілетті Елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Мемлекет басшысына Ливия Елшісі Аладдин Абдулсалам Лехуайк, Кувейт Елшісі Омар Ахмед Мұхаммед Мурад Әл-Кандари, Словакия Елшісі Роберт Кирнаг, Алжир Елшісі Камал Фениш және Кения Елшісі Бенсон Генри Оума Огуту сенім грамоталарын табыс етті.

ф

ф

Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттармен әңгімелесу кезінде оларды еліміздегі дипломатиялық миссиясының ресми басталуымен құттықтап, Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынасты дамытуға үлес қосатынына сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Қазақстан достық және өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға бағытталған бейбіт және ашық сыртқы саясат жүргізіп жатқанын атап өтті.

Іс-шара соңында Президент түрлі бағыттағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруда мүмкіндіктердің бар екенін айтып, Елшілерге елімізде игі міндеттерін орындауда Қазақстан үкіметінің қолдау көрсететінін жеткізді.

й

ц

у

к

е

н

Бөлісу:
Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар