Өнер
1 мин оқу 550

«Балалар филармониясы» атты жаңа жоба іске қосылады

<p style="text-align: justify;">3 қыркүйекте сағат 12:00-де &laquo;Балалар жылы&raquo; аясында &laquo;Қазақконцерт&raquo; қабырғасында кешенді жаңа жоба - &laquo;Балалар филармониясы&raquo; атты оқушылар абонементі іске қосылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жобаның негізі мақсаты - жас дарындарды өнер әлемінде үйлесімді дамытып, сұлулық пен әдемілікті дұрыс ұғынуға жетелеп, оларда сезім байлығын қалыптастыруға түрткі болу.

Жоба аясында ұйымымыздың шығармашық ұжымдары дәріс-концерттерді ұсына отырып, өнерімен топ жарған майталмандарымыз жас мамандарды даярлауда өздерінің кәсіби шеберліктерімен бөліседі.

Атап айтсақ, «Қазақтың музыкалық аспаптары», «Классикалық музыкалық аспаптар», «Мюзикл дегеніміз не?», «Домбырадағы орындаушылық  мектептер» атты дәріс-концерттер, сондай-ақ вокалдық, актерлік,  би  секілді сұңғат өнердің түрлері бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.

Сонымен қатар жоба абонементін пайдаланушы «Қазақконцерттің» ұйымдастыруымен өтетін отандық кинокөрсетілімдер мен таңдамалы концерттерді тамашалай алады.

«Балалар филармониясы» жобасы биылғы жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында әр сенбіде сағат  12.00-де өтеді.

Бөлісу:
«Балалар филармониясы» атты жаңа жоба іске қосылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар