Елордада заңсыз ойын ұйымдастырғандар ұсталды
<p style="text-align: justify;">Қаржылық мониторинг <a href="https://t.me/afm_rk">агенттігінің</a> Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті заңсыз «покер» ойынын ұйымдастыру фактісін анықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Елорда тұрғыны заңсыз материалдық пайда табу мақсатында тұрғын үйдің жертөлесінен заңсыз ойын мекемесін ашып, қолма-қол ақшаға фишка сату және алу арқылы құмар ойынын өткізген.
Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл азамат 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
2022 жылдың 7 айында ҚМА 82 ойын мекемесінің, оның ішінде 4 астыртын казиноның қызметін тоқтатты.
Ойын автоматтары, терминалдар, покер үстелдері, рулетка үстелдері, компьютер, ұялы телефон сияқты 3 мыңға жуық зат, сондай-ақ 5 млн теңгеден астам сомаға қаражат түріндегі айғақтар тәркіленді.