Теннис
1 мин оқу 170

Бейбіт Жукаев Таиландтағы жарыстың жартылай финалына шықты

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев Таиландтағы Bangkok Open челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҚТФ-ға сілтеме жасап.</p>

Ақтау теннис мектебінің түлегі, дүниежүзілік рейтингте 395-орында тұрған Б.Жукаев ширек финалда әлемнің 271-ракеткасы, монаколық Валентин Вашеромен тартысты кездесу өткізді. Екі сағаттан астам уақытқа созылған матчта қазақстандық теннисші 7:5, 3:6, 7:6 (7:2) есебімен жеңісті жұлып алды. Үшінші, шешуші сетте монаколық спортшы есеп 5:4 болған мезетте матчқа доп берді. Бірақ Бейбіт брейк жасап, таразы басын теңестірді. Сосын тай-брейкте айқын басымдылық танытты. Жукаев бәсеке барысында 18 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.

Бейбіт финалға шығу үшін әлемнің 432-ракеткасы, франциялық Артур Казомен таласады.

Бөлісу:
Бейбіт Жукаев Таиландтағы жарыстың жартылай финалына шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар