Қоғам
1 мин оқу 254

Ержан Бабақұмаров қызметінен босатылды

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы &laquo;Орталық коммуникациялар қызметі&raquo; республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымынан босатылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a>&nbsp;Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров 1969 жыл Талдықорған облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген.

1995 жылдан - Қазақстанның Даму институты Саяси зерттеулер орталығының ішкі саясат бөлімін меңгерушісі, директоры.

1996 жылдың тамыз айынан - Алматы қаласы әкім аппаратының бас маманы.

1996 жылдың желтоқсан айынан - ҚР Президентінің Әкімшілігінің аға референті, кеңесшісі, сектор меңгерушісі, Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2004 жылдың сәуір айынан - ҚР Президентінің Әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы.

2004 жылдың қыркүйек айынан - ішкі саясат басқармасының ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі.

2006 жылдың ақпан айынан - ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі.

2007 жылдан - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы.

2008 жылдан бері - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің меңгерушісі.

«Қазақстан» Республикалық телерадиохабарлар тарату корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2006-2008);

«Хабар» агенттігі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2006-2008);

«Қазақпарат» ҰК» Директорлар кеңесінің төрағасы (2006-2008); «Қазақстандық телекоммуникациялар» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2007 жылдан);

«Самғау» Ұлттық холдинг АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2007);

«Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингінің Директорлар кеңесінің мүшесі. «Қазақстан» Республикалық телерадиохабарлар тарату корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

Бөлісу:
Ержан Бабақұмаров қызметінен босатылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар