Оқиға
1 мин оқу 221

Елордада 5 жасар қызды өлтірген қылмыскер өмір бойына сотталды

<p style="text-align: justify;">Елордада бірге тұратын әйелінің 5 жасар қызын өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«2022 жылғы 22 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жас бала Д.-ны өлтіру фактісі бойынша К.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды (ҚК 99-бабы 3-бөлігі)», делінген баспасөз хабарламасында.

Сотта азамат K.-ның алкогольді ішімдіктерді ішіп, бірге тұратын әйелдің  5 жасар қызына көптеген соққылар келтіріп, одан бала есін жимастан, қайтыс болғаны анықталды.

Сондай-ақ алқабилер алқасы қылмыскердің өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға толық құрамда дауыс берді.

Бөлісу:
Елордада 5 жасар қызды өлтірген қылмыскер өмір бойына сотталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар