Оқиға
1 мин оқу 413

Қостанай облысындағы өрт салдарынан жолдар жабылды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қостанай-Әулиекөл-Сурган&raquo; автожолының 8-108 шақырымдары аралығында көлік қозғалысына уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.</p>

«3 қыркүйек сағат 16:15-те Қостанай облысында болып жатқан орман өртіне байланысты «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» автожолының 8-108 шақырымдары аралығында (Тобыл қаласы мен Әулиекөл ауылы учаскесі) автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді», деп жазылған хабарламада. 

Сондай-ақ қосымша хабарламада Қостанай қаласына қозғалыс Қойбағар, Қарасу және Алтынсарин ауылдары арқылы жүзеге асырылатыны айтылған.

Бөлісу:
Қостанай облысындағы өрт салдарынан жолдар жабылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар