Аймақтар
1 мин оқу 200

Архимед Мұхамбетов эвакуацияланған тұрғындармен кездесті

<p style="text-align: justify;">Қостанай облысының әкімі орман өрті салдарынан қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындармен жүздесті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өңір басшысы эвакуацияланған адамдардың жай-күйін және орналасқан жерлердегі жағдайды тексерді. Ол табиғи апаттан зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетілетінін жеткізді.

«Шығын есептеліп, әрбір отбасыға көмек көрсетіледі», деді Архимед Мұхамбетов.

Қазіргі уақытта өрттен Аманқарағай, Калинин, Лесное, Озерное ауылдарынан барлығы 1841 адам эвакуацияланған.

Бөлісу:
Архимед Мұхамбетов эвакуацияланған тұрғындармен кездесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар