Теннис
1 мин оқу 180

Жібек Құламбаева Алматы турнирінің жеңімпазы атанды

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Алматы ITF W25 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстандық теннисші ресейлік Екатерина Яшинамен бірге осы жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген еді. Олар финалда доданың 1-ракеткалары, ресейліктер Амина Аншба - Софья Лансеремен бас жүлдені сарапқа салды. Финалға сай тартысты өткен бәсекеде қазақстандық-ресейлік жұп 7:6 (7:4), 5:7, 10:8 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Құламбаева жұптық сында өзінің спорттық жолындағы 18-титулына қол жеткізді. 

Жібектің Алматы жарысының абсолютті чемпионы атанатындай мүмкіндігі бар. Ол ертең жекелей сында да финалдық матчын өткізеді.

Бөлісу:
Жібек Құламбаева Алматы турнирінің жеңімпазы атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар