Спорт
2 мин оқу 170

Алға, Аружан!

<p style="text-align: justify;">Нью-Йоркте өтіп жатқан US Open турниріндегі соңғы үмітіміз Юлия Путинцева екінші айналымда әлемдік рейтингте өзінен әлдеқайда төмен тұрған германиялық теннисші Юле Нимайерден ұтылғаннан соң назарымыз жұптық сайыстарға ауды.</p>

Алға, Аружан!

Отандастарымыздың арасынан Анна Данилина ғана үшін­ші кезеңге жолдама алды. Бра­зилиялық Беатрис Хаддад-Майямен иық тіресе ойнаған ол Алена Большова (Испания) мен Ульрикке Эйкерден (Норвегия) басым түсті – 6:1, 7:5. Енді олар 1/8 финалда Эллен Перес (Аустралия) және Николь Меликармен (АҚШ) шеберлік байқасады. Даниялық Хольгер Ру­не­мен жұп құрған Александр Бублик Фран­цияның өкілдері Кентен Гали мен Адриан Ман­нариноден жеңілді – 3:6, 7:5, 6:7. Александр Недовесов пен пәкіс­тандық Айсам-Уль-Хак Ку­реши Марсело Аревало (Саль­вадор) мен Жан Жюльен Ройер­ден (Нидерланд) ойсырай ұтылды – 0:6, 3:6.

Жасөспірімдердің іріктеу тур­ни­рінде Сандуғаш Кенже­баева ни­дерландық Роуз Мари Нейкампты 7:6, 6:2 есебімен ұтты. Өкінішке қарай, финалда ол польшалық Вероника Эвальдқа есе жіберді – 6:4, 0:6, 6:7. Есесіне Аружан Сағындықова өзін жақсы қырынан көрсете білді. Бастапқыда қазақ қызы жапониялық Харука Хасегаваны қапы қалдырды – 6:4, 3:6, 7:6. Ал шешуші сында америкалық Джульетта Пареходан айласын асырды – 6:2, 6:3. Осылайша, Аружан негізгі жарыста өнер көрсету құрметіне ие болды.

Сонымен қатар әлемнің басқа да мемлекеттерінде теннисшілердің бірқатар турнирлері өтіп жатыр. Мәсе­­лен, Таиландтың Нонтабури қала­сында аяқталған «Челленд­жер» санатындағы додада Бей­біт Жұқаев жартылай финалға дейін жетті. Бұл ме­жеде қандасымыз франциялық Ар­тур Казодан айласын асыра алмады – 1:6, 6:7. Испанияның Мана­кор қаласындағы жарыста Қазақстанның қос өкілі өнер көр­сетіп, екеуі де ширек финалда жеңілді. Атап айтсақ, Ми­хаил Кукушкин болгариялық Алек­сандр Лазаровтан ұтылса, Дми­трий Попко иорданиялық Абедалле Шелбайхуға есе жібер­ді.

Ал Лаостың астанасы – Вьентянда үстел теннисінен жасөспірімдер ара­сын­дағы Азия біріншілігі басталды. 17 мем­лекеттің өкілдері бас қос­қан жарыс­та Қазақ елі намысын қара­ғандылық Алан Құрманғалиев қорғауда.ф

Бөлісу:
Алға, Аружан! · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар