Қазақстан
1 мин оқу 2,140
Әділғазы Бергенев лауазымынан босатылды
<p style="text-align: justify;">Әділғазы Бергенев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.</p>
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Әділғазы Сәдуақасұлы Бергенев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі лауазымынан босатылды», делінген хабарламада.
Әділғазы Бергенев 1958 жылы 15 мамырда Семей облысында дүниеге келген.
Түрлі жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде жауапты қызметтер атқарған, Семей қаласының әкімі, Шығыс Қазақстан облысы әкімі, әкімнің орынбасары, бірінші орынбасары болған.
Бөлісу: