Оқиға
1 мин оқу 170

Ақмола облысында жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Ақмола облысындағы тасжолда болған жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты. Тағы екі жолаушы дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 қыркүйек күні сағат 13:05 шамасында Көкшетау-Рузаевка тасжолының 25-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды.

Оқиға салдарынан Ваз2106 және Лада Калина көліктерінің жүргізушілері алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Лада Калина көлігінің екі жолаушысы түрлі жарақатпен жергілікті ауруханаға жатқызылды.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 4-бөлігіне сай сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп толықтырды ведомство.

Бөлісу:
Ақмола облысында жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар