Әлем
1 мин оқу 190

Тынық мұхитына жолаушылар ұшағы құлады

<p style="text-align: justify;">АҚШ-тың Вашингтон штатындағы Уидби аралының батысында орналасқан Мутини шығанағында жолаушылар ұшағы теңізге құлап кетті. Бұл жайында <a href="https://www.rbc.ru/rbcfreenews/631549829a794709b52035a5" target="_blank" rel="noopener noreferrer">РБК </a>сайты хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ұшақ апаты болған орында іздеу және құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған сегізден астам кеме жұмылдырылды.

Ұшақ Фрейдей Харбор қаласынан Сиэттл халықаралық әуежайына ұшқан еді. Бортта сегіз ересек адам және бір бала болған. Құтқарушылар бір марқұмның денесін тапты, ал қалғандары хабар-ошарсыз.

Flightradar ұшуды бақылау қызметі апатқа ұшыраған Havilland Canada DHC-3 ұшағы соңғы рет Мәскеу уақытымен 01:08-де байланысқа шыққанын мәлім етті.

Бөлісу:
Тынық мұхитына жолаушылар ұшағы құлады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар