Тағайындау
2 мин оқу 1,270

Тараз қаласының әкімі тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Бақытжан Орынбеков Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;қала әкімдігінің ресми сайтына <a href="https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/421093?lang=ru" target="_blank" rel="noopener noreferrer">сілтеме</a> жасап.</p>

Бұған дейін ол «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Бақытжан Орынбеков 1971 жылы 20 ақпанда дүниеге келген.

н

Білімі, мамандығы, лицензиялары:

  • М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті (2016). «Автомобиль және автомобиль шаруашылығы, инженер-механик», «Техника және технологиялар, тау-кен ісі» мамандығы.

Еңбек өтілі:

  • «Тараз көлік жолы» ЖШС президенті (2000-2004);
  • «Жамбыл облысы әкімдігінің жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары басқармасы» ММ басқарма бастығы (2004-2005);
  • «Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті» ММ департамент директоры (2005-2008);
  • «Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы» ММ басқарма бастығы (2008-2011);
  • «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС басқарма төрағасы (2011-2015);
  • «Волковгеология» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары (2015-2016);
  • ҚР ҚАӨМ ММР «Резерв» ПВХ-дағы РПГ бас директорының орынбасары (2016-2017);
  • Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары (2017-2018);
  • «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Өндірістік департаментінің директоры (2018-2019);
  • «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ жобалық кеңсесінің басшысы (2019-09.2021);
  • «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ міндетін атқарушы, басқарма төрағасы, жобаларды басқару жөніндегі бас директоры (15.09.2021 ж.бастап).

Сондай-ақ Қанатбек Мәдібек пен Ерболат Ыбырайханов Жамбыл облысы әкімінің орынбасарлары болып тағайындалды.

1

Бөлісу:
Тараз қаласының әкімі тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар