Теннис
1 мин оқу 4,192

Ерасыл Ерділдә Қырғызстандағы жарыстың абсолютті чемпионы атанды

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық Ерасыл Ерділдә Шолпан-Ата қаласында (Қырғызстан) 18 жасқа дейінгілер арасында өткен үшінші санаттағы ITF турнирінің абсолютті чемпионы атанды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҚТФ-ға сілтеме жасап.</p>

Team Kazakhstan академиясының түлегі Ерасыл әуелі жұптық сында қазақстандық Виталий Зацепинмен бірге үздік шықты. Қазақстандық жұп финалда ресейліктер Макар Елесин - Даниил Степановты ұтты. Есеп - 6:3, 6:3. Содан кейін Ерасыл жекелей сында Д.Степановты айқын басымдықпен жеңді. Есеп- 6:1, 6:2.

Осылайша, Қызылорда қаласында туып-өскен Ерділдә ITF додаларындағы бесінші титулына қол жеткізді.

Сондай-ақ Францияның Дижон қаласында төртінші санаттағы ITF Juniors жарысында Зара Дәркен жұптық сында жеңімпаз атанды. Ол украиналық Анастасия Фирманмен бірге соңғы бәсекеде украиналықтар Серафима Бобровникова - Стефания Пушкарьды тізе бүктірді. Есеп - 7:5, 6:3.

Ереван қаласында 12 жасқа дейінгілер арасында екінші санаттағы Tennis Europe турнирінде Асқар Әмір өзінің халықаралық жарыстағы алғашқы трофейіне ие болды. Ол финалда ресейлік Павел Яромскиймен бірге ресейліктер Филипп Смирнов - Аркадий Вахлиннен басым түсті. Есеп - 6:2, 6:7 (2:7), 10:7.

Бөлісу:
Ерасыл Ерділдә Қырғызстандағы жарыстың абсолютті чемпионы атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар