Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі сайланды
<p style="font-weight: 400; text-align: justify;">Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Лиз Трасс жаңа премьер-министр және консервативті партияның жетекшісі болып сайланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.dw.com/en/just-in-liz-truss-to-be-next-british-prime-minister-after-winning-conservative-party-election/a-63018397" target="_blank" rel="nofollow noopener noreferrer">Deutsche Welle </a>басылымына сілтеме жасап. </p>
Лиз Трасс партия мүшелерінің 81,3 мың дауысына ие болды. Ал бұрынғы қаржы министрі Риши Сунак 60,4 мың дауыс жинады.
Басылым мәліметінше, Трасс пен Джонсон 6 қыркүйекте Шотландияға барады, онда билікті ресми түрде беру үшін патшайым Елизавета II-мен кездеседі. Джонсон ресми түрде қоштасу сөзін сөйлеп, отставкаға кететінін жариялайды.
Сондай-ақ, Трасс Лондонға оралып, Даунинг-стритте сөз сөйлеп, министрлер кабинетін тағайындайды.
Лиз Трасс – Ұлыбританияның бұрынғы сыртқы істер министрі. Ол Қоршаған орта, азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрі, Әділет министрі қызметтерін қоса атқарды және Тереза Мэйдің бірінші кабинетіндегі тұңғыш әйел лорд-канцлер.