Қоғам
1 мин оқу 310

Керуен жолға шықты

<p style="text-align: justify;">Көршімізді қиындықта қалдырмаймыз. Төтенше жағдай&shy;да қиындықтан шығудың маңызды ережесі &ndash; өзара көмек және бірлік. Қазақтың ежелден келе жатқан дәстүрі осындай. Ғасырлар бойы құндылықтар мен дәстүрлер өзгермейді.</p>

Керуен жолға шықты

Қостанай облысындағы таби­ғи өрттен зардап шеккен отба­сы­лардың балалары туралы хабардан кейін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов зардап шек­кен аудандарға гуманитарлық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі жедел штаб құруды тапсырды.

Ақтөбеліктер көрші өңірдің Әулиекөл, Ұзынкөл және Қара­ба­лық аудандарының тұр­ғын­дарына моральдық және мате­риалдық гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін білді­ріп, облысқа дәрі-дәрмектер, киім-кешек, азық-түлік, жеке ги­гиена заттары және басқа да тұр­мысқа қажетті заттар тиелген гу­манитарлық автокеруен жіберді.

Amanat партиясының филиалдарында ашылған 13 гума­ни­тарлық көмек пунктіне қайы­рымды азаматтар киім, төсек-орын жабдықтарын және бірінші кезекте қажетті заттарды алып келуде.

Ақтөбе облысы

Бөлісу:
Керуен жолға шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар