Экономика
2 мин оқу 830

Жолымбеттен – 100 килограмм алтын

<p style="text-align: justify;">Ақмола облысындағы алтын шығаратын Жолымбет фабрикасында Доре құймалары түріндегі алғашқы жүз килограмм алтын шығарылды. Фабрика айтарлықтай модернизацияланып, алтынқұрамды кен өңдеу цехының құрылысынан кейін іске қосылды. Бүгінде бұл кенді де, техногенді-минералды түзілімдерді де өңдеп, Доре құймаларын шығаратын екі цехтық зауытқа айналды.</p>

Жолымбеттен – 100 килограмм алтын

«Қазақалтын Technology» ЖШС фабрикасы техногенді-ми­нералды түзілімдерді қайта өңдеу мақсатында 2017 жылы салынған. Техногенді-минералды түзілім дегеніміз – Жолымбет алтын кен орнындағы байыту фабрикасын пайдаланған алпыс жыл ішінде жинақталған өндіріс қалдықтары. Бұл қалдықтар өң­дел­ген соң, қазіргі экологиялық заңнаманың талаптарына сай қайта орналастырылды.

Фабрика техногенді-мине­рал­ды түзілімдерді өңдеуді 2021 жылы аяқтады. Құрамына «Қа­зақ­алтын Technology» ЖШС кіре­тін «Алтыналмас» компания­сы шикізат біткенде фабриканы жабудың орнына алтынқұрамды кен өңдеу мақ­сатында модернизациялау тура­­­лы шешім қабылдады.

Сондай-ақ өндіріс қалдық­та­рында тереңірек орналасқан қым­бат металды шығару үшін тех­но­генді-минералды түзілімдерді қайта өңдеу туралы шешім қабыл­дан­ды. Екінші фазаны, яғни жыл­дық өнімділігі 4 млн тонна болатын цехты іске қосу жұмыстары 2022 жылдың сәуірінде басталып, шілде айында аяқталды. Биыл 450 килограмм алтын шығару жос­пар­ланған.

Кәсіпорын өндірісті кідірт­пес­тен 18 ай бойы модернизацияланды. 2021 жылдың қарашасында жылдық өнімділігі 650 мың тонна болатын кен өңдеу цехын іске қосу және жөндеу жұмыстары басталды, олар осы жылдың қаң­тарында аяқталды. Өткен жыл­дың желтоқсанында конвейерден алғашқы құйма шықты. Ал биыл кәсіпорын 710 кило алтын шы­ға­ру­ды жоспарлап отыр.

– Техногенді-минералды түзі­лім­­дерді өңдеу фабрикасының бұ­рынғы өндірістік қуаты жылына 2,25 млн тоннаны құрайтын. Модернизациялаудан кейін фаб­ри­­касының жылдық қуаты 4 млн тон­наны, ал кен өңдеуде 650 мың тоннаны құрады, – дейді «Қа­зақалтын Technology» ЖШС Жолымбет филиалының директоры Еділ Отынбаев.

Жұмысты бастамас бұрын қоршаған ортаға тиетін әсерге кешенді бағалау жүргізілген. Ол жұмыс істеп тұрған «Қазақалтын Technology» ЖШС өндірісін мо­дернизациялау салдарынан қор­шаған орта жағдайы өзгер­мей­тінін көрсетті. Атап айтсақ, алтын шығаратын фабрика техно­ло­гиялық схемасында су ресурстарын пайдаланудың тұйық циклі көзделген, ал өндірістік ағын­ды­лар жер бедеріне ақпайды.

Жаңартылған фабрика қауіпсіз өндірістің барлық нормасы мен стандартына сай және заманауи жабдықталған. Кәсіпорында тек осы жылдың өзінде жаңа 75 жұмыс орны ашылды.

– «Алтыналмас» – алтын өнді­рі­сінде техногенді-минералды түзі­лім­ді қайта өңдеу технология­сын қолданатын Қазақстандағы жалғыз компания. Фабриканы мо­дернизациялаудағы басты ар­тық­шылық – жаңадан құрылған жұмыс орындары және бюджетке түсетін қосымша салық. Сенімді инженерлік жүйелерді пайдаланып, цифрлық шешімдерді енгізгендіктен, фабрика ұжымы қа­уіпсіз әрі жайлы жағдайда жұ­мыс істейді, үздіксіз дамиды және жаңа технологияларды иге­реді, – дейді «Алтыналмас АК» АҚ басқарма төрағасы Дияр Қанашев.

Модернизацияланған фаб­ри­ка­ға арналған кен жақын маңдағы Жолымбет кенішінде өндіріледі. Осылайша, фабриканы модер­ни­зациялау нәтижесінде,  Жо­лымбет кен орнының кен өң­деу көлемі артты. Техногенді-мине­ралды тү­зілімді қайта өңдеу це­хын­да­ғы соңғы өнім – алтын­құ­рамды көмір. Ол «Алтыналмас АК» АҚ Ақсу алтын шығару фабрикасына жіберіледі. Кен өңдеу цехында алтын-күміс құймалар түріндегі Доре қорытпасы өнді­рі­леді.

Бөлісу:
Жолымбеттен – 100 килограмм алтын · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар