Аймақтар
1 мин оқу 370
Алматыда автобус өртенді
<p style="text-align: justify;">Алматыда қоғамдық көлік рейс кезінде өртеніп кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Оқиға бүгін таңертең Сайын мен Шаляпин көшелерінің қиылысында болған.
Шамамен 8.00-де куәгерлер осы қиылыстан шыға бастаған қою қара түтін туралы хабарлаған. Кейін әлеуметтік желіде өрт болған жердің видеосы пайда болды. Өрт қалалық №38 автобустан шыққан.
Алматы әкімдігі оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады.
«Өрттің неден шыққанын анықтап жатырмыз. Толық ақпаратты кейінірек береміз», деді қалалық басқармадан.
Бөлісу: