Оқиға
1 мин оқу 191
Автобус ішінде қалып қойған 3 жасар қыз қайтыс болды
<p style="text-align: justify;">Кеше Токионың оңтүстік-батысындағы Сидзуока ауданында балабақшаға тиесілі автобуста 5 сағаттан астам қамалып қалған 3 жасар қыз қайтыс болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Өрт сөндіру бөлімінің мәліметі бойынша, Чайна Кавамото аптап ыстықтың кесірінен қайтыс болған. Полиция аталған істі тексереді.
Белгілі болғандай, автобус балабақшаға таңғы сағат 8:50 шамасында келген. Ал қызметкерлер қызды автобус ішінде 14:10-дар шамасында ес-түссіз жатқан күйде тапқан. Кейінірек баланың қайтыс болғаны белгілі болды.
Бөлісу: