Қоғам
1 мин оқу 360

Елордадағы ЖЭО-3 құрылысы ұзаққа созылуы мүмкін

<p style="text-align: justify;">Алдағы уақытта елордада жылу энергиясының тапшылығы болуы мүмкін.&nbsp;Бұл туралы Алтай Көлгінов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Таяу уақытта жылу энергиясының тапшылығы болуы мүмкін. Осыған байланысты бірқатар инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Қазіргі уақытта ЖЭО-3 құрылысы қайта жанданды», деді А.Көлгінов.

Оның айтуынша, жаңа ЖЭО құрылысы жылу энергиясының қуатын тағы 440 г Гкал/сағатқа арттырады.

«Мердігер жұмысты уақытында аяқтамай жатыр. Осыған байланысты тиісті шаралар жүргізілуде», деді қала әкімі.

Бөлісу:
Елордадағы ЖЭО-3 құрылысы ұзаққа созылуы мүмкін · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар