Теннис
1 мин оқу 6,042

Қазақстандық теннисші Таиландтағы турнирді сәтті бастады

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық Бейбіт Жұқаев Нонтабуриде (Таиланд) өтіп жатқан ATP Challenger Tour Bangkok Open 3 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Қазақстандық теннисші бірінші айналымда Қазақстан Президенті кубогының үш дүркін чемпионы ресейлік Евгений Донскойды 7:6 (7:4), 7:6 (7:4) есебімен ұтты. 2 сағаттан сәл астам уақытқа созылған кездесуде Жұқаев 7 эйс орындады.

Екінші айналымда Ақтау теннис мектебінің түлегі жарыстың бірінші ракеткасы, жапониялық Есуке Ватанукимен кездеседі.

Бөлісу:
Қазақстандық теннисші Таиландтағы турнирді сәтті бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар