Көктөбе бөктеріндегі өрт сөндірілді
<p style="text-align: justify;">Көктөбе ауданындағы тау бөктеріндегі өртті сөндіруге 130 адам қатысқан, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қалалық ТЖД хабарлағандай, 6 қыркүйек күні сағат 18:58-де өрт сөндірушілер Медеу ауданы, Жәнібеков көшесі, 78 үйдің жанында тұтанған жалынды сөндіруге жіберді.
«Шақырту орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер 3 гектар алқапта тау баурайы учаскелері жанып жатқанын анықтады. Сөндіру жұмыстары желдің күшеюімен және күннің қараңғы уақытымен қиындады. Нәтижесінде өрт 20:22-де оқшауланып, 20:35-те толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Оқиға орнында суару-жуу машинасы бар 19 өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамның 130 адамы жұмылдырылған.