Қоғам
1 мин оқу 342

Волонтерлер белсенді

<p style="text-align: justify;">Қостанайдағы тілсіз жаудан зардап шеккендерге көмек көр&shy;сету және қалпына келтіру жұмыстарында волонтерлер де бел&shy;сенділік танытуда. &laquo;Ұлттық волонтерлік желі&raquo; бірлестігі және Birgemiz волонтерлер фронт-офисінің мүшелері әдеттегідей маңызды жұмыстардың басы-қасында жүр.</p>

Волонтерлер белсенді

«Ұлттық волонтерлік желі» бірлестігінің атқарушы директоры Татьяна Миронюктің айтуынша, өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында әр өңірде арнайы штаб құрылған. Қостанай қаласының өзінде волонтерлердің көмегімен 18 гуманитарлық кө­мекті қабылдау бекеті іске қосыл­ған. Ол жерден өрттен зардап шек­кен елді мекендерге қажетті заттар жөнелтіліп тұрмақ.

Белгілі болғандай, қазіргі уа­қыт­та азық-түлік пен киім жет­кі­лікті мөлшерде жиналған. Әулиекөл ауданындағы гума­ни­тар­лық көмекті қабылдау пунк­т­тері толып, жан-жақтан келген жүк көліктері Қостанай қаласындағы сақтау орындарына жөнелтілуде.

«Қостанайлықтар барлық во­лон­терлерге үлкен алғыстарын біл­діруде. Жастар қайсарлығымен және мейірімділігімен табиғи апат­тан зардап шеккен адамдарға барынша қолұшын созып, мем­лекеттік орган өкілдеріне жәр­демдесуде. Волонтерлер әрдайым қиындыққа тап болған азаматтарға көмектесуге дайын. Қиындықты бірге жеңеміз!», деді Татьяна Ми­ронюк.

Бөлісу:
Волонтерлер белсенді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар