Аймақтар
1 мин оқу 340

Алматыда заңсыз ойынхана анықталды

<p style="text-align: justify;">Қаржы мониторинг агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті монша кешенінде заңсыз астыртын ойынхана ұйымдастырған бір топ адамға үкім шығарды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;департаменттің <a href="https://t.me/afm_rk/1370">Telegram </a>арнасына сілтеме жасап.</p>

Ведомство мәліметінше, алты адам заңсыз «Покер» ойындарын ұйымдастырған. Олар 22,5 млн теңгеден астам кіріс жасаған.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде мекемеде ойыншылар, қызметшілер болған. Олардан фишка, карта және ойынның басқа да атрибуттары табылып, тәркіленді. Сонымен қатар казино тексерілген клиенттер үшін өту жүйесін орнатқан», делінген хабарламада.

Сот айыпталушыларды түрлі мерзімге бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Бөлісу:
Алматыда заңсыз ойынхана анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар