Аймақтар
1 мин оқу 200

Қостанай облысындағы балабақша құрылысына 1,3 млрд теңге бөлінді

<p style="text-align: justify;">&laquo;Халық&raquo; қайырымдылық қоры Қостанай облысындағы балабақша құрылысына 1,3 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Орман өртінен зардап шеккен Әулиекөл ауданында 280 орындық жаңа балабақша салынады. Оның құрылысына «Халық» қайырымдылық қоры 1,3 млрд теңге бөлді.

Құрылыс жақын арада басталып, келесі жылы аяқталады.

«Біз зардап шеккендердің барлығының қайғысына ортақпыз. Бұл қолдау олардың қалыпты өмірге оралуына көмектесетініне сенім білдіреміз», делінген «Халық» қайырымдылық қоры мәлімдемесінде.

Бөлісу:
Қостанай облысындағы балабақша құрылысына 1,3 млрд теңге бөлінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар