Аймақтар
1 мин оқу 620

Контейнерлік кеме алғашқы сапарына жол тартты

<p style="text-align: justify;">Ақтау теңіз сауда портынан қазақстандық контейнерлік жүк тасымалдайтын екін&shy;ші кеме &laquo;Сұңқар&raquo; ал&shy;ғаш рет жолға шықты. &laquo;Қа&shy;зақ&shy;теңізкөлікфлоты&raquo; ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы&raquo; жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі &laquo;Сұңқар&raquo; кемесі осы уақытқа дейін компанияның мамандандырылған флот қатарында болды.</p>

Контейнерлік кеме алғашқы сапарына жол тартты

Маңғыстау облыстық жолаушылар көлігі және автомо­биль жолдары басқармасы ма­ман­дарының айтуынша, Транс­­кас­пий халықаралық көлік мар­­шру­тындағы және жалпы әлем­дегі контейнерлік тасымал­дарға деген қажеттілік пен сұра­ныс­тың жоғары болуына байланысты кеме қайта жасақталып, контейнер тасымалдайтын кеме ретінде модернизацияланған.

«Сұңқар» кемесінің алғаш­қы бағыты – Әзербай­жан Респуб­ли­касы Баку қала­сының «Алят» порты. «Қазақ­теңіз­көлікфлоты» ҰТКҚК ЖШС кон­тей­нерлік кеме ретінде алғаш са­пар­ға шыққан су көлігін салтанатпен шығарып салды.

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
Контейнерлік кеме алғашқы сапарына жол тартты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар