Аймақтар
1 мин оқу 235

Игі іс жалғаса бермек

<p style="text-align: justify;">Қазақтың береке-бірлігі осындайда көрініс табады. Күні кеше Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен тұрғындарға Шығыс Қазақстан халқы 35 тонна гуманитарлық көмек жинады.</p>

Игі іс жалғаса бермек

Қолұшын беруге ниетті азаматтар көмекті Шығыс Қазақстан облыстық Amanat партиясы филиа­лында орналасқан гуманитарлық пунктке әкелді.

– Партия төрағасының тапсырмасына сәйкес 4 қыркүйектен бастап Шығыс Қазақстан облысы бойынша өрттен зардап шеккен Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы Аманқарағай ауылының тұрғындарын қолдау мақсатында партияның бір облыстық және 11 аумақ­тық филиалында арнайы гума­нитарлық көмектерді жинау пункті ашылды. Игі іс-шараға партия белсенділері, депутаттар, кәсіпкерлер, қарапайым тұрғындар атсалысып жатыр, – деді Amanat партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Сайрангүл Жұмаділова.

Қазіргі уақытта партияның об­лыстық филиалында орналасқан гуманитарлық пунктке 14 тонна ұн, 3 тонна минералды су, 5 тонна макарон, 10 тонна күнбағыс майы және 3 тонна өзгеде дәнді-дақылдар жиналды.

Сонымен қатар бірінші қажетті заттар көрпе-жастық, киім-кешек, тұрмыстық техникалар, ги­гие­на­лық заттар қатталды. Жи­нал­ған гу­манитарлық көмекті жүк кө­лік­те­ріне тиеу үшін облыс­та­ғы жо­ғары оқу орындары мен кол­ледждердің студенттері және ерік­тілер тобы қол­ғабыс етті.

Жиналған гуманитарлық көмек­ті тиеген көлік көп бөгелмей Қос­танай облысына жолға шықты. Айта кетерлігі, өңір жұртшылығын қол­дауға арналған игі іс-шара осымен тоқталмай, жалғасын табады.

Шығыс Қазақстан облысы

Бөлісу:
Игі іс жалғаса бермек · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар