Ауа райы
1 мин оқу 242

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстанның оңтүстігінде, батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында күн күркіреп, жаңбыр жауады.

«Еліміздің қалған аймағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың басым бөлігінде жел соғады, оңтүстікте боран, солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман күтіледі», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының оңтүстігі мен шығысында, Қарағанды ​​облысының батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстанның шығысында, оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі жалғасады.

Бөлісу:
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар