ANTIKOR
1 мин оқу 282

Антикор қызметкері пара алғаны үшін сотталды

<p style="text-align: justify;">Әлеуметтік желіде сыбайлас жемқорлық қылмысы&nbsp;үшін Маңғыстау облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушісі А. Ізбасар туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://t.me/antikornews/5185" target="_blank" rel="noopener noreferrer">ANTIKOR</a>-ға сілтеме жасап.</p>

Ақтау қалалық сотымен А.Ізбасарға қатысты үкім шығарылып, заңды күшіне енді.

«Үкімге сәйкес Ізбасарға арнайы атақтан айыра отырып, 15 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды», делінген ресми хабарламада.

Айта кетсек, күдіктінің заңсыз әрекетін Агенттіктің Өзіндік қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері әшкерелеген.

Бөлісу:
Антикор қызметкері пара алғаны үшін сотталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар