Елордада «Халық заңгері» акциясы өтеді
<p style="text-align: justify;">16 қыркүйек күні елордада «Халық заңгері» атты жалпыреспубликалық акция өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> қала әкімдігіне сілтеме жасап.</p>
«Халық заңгері» республикалық әлеуметтік науқанында заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік орган өкілдері қала тұрғындарын қызықтырған сауалдарға жауап беріп, ұсыныстар айтып, заң тұрғысынан көмектеседі.
Акцияны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «ZAKON.KZ» желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік органдар мен еліміздің жетекші заңгерлері ұйымдастырады.
Іс-шара Кенесары 32 көшесіндегі Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының 1 қабатында өтеді. Басталуы 16:00-де.
Айта кетсек, аталмыш науқан еліміздің барлық қалаларында ұйымдастырылады.
