Оқиға
1 мин оқу 192
Ақтөбе облысында жол апатынан бір адам қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Ақтөбе облысында жол апаты болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Ақтөбе облысының Шұбарқұдық ауылынан Қандыағаш қаласы бағытында келе жатқан 27 жастағы «ВАЗ-2114» көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, Nissan көлігімен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан аталған көліктердің екі жолаушысы, сондай-ақ екі көліктің жүргізушісі Темір аудандық ауруханасына жатқызылды.
Кейін «Nissan Teana» көлігінің жолаушысы қайтыс болғаны белгілі болды.
Бөлісу: