Өнер
1 мин оқу 254

Димаш Мехико метросында «ән салады»

<p style="text-align: justify;">Мехикодағы метроның медиафасадтарында Димаш Құдайбергеннің Fly Away әніне түсірілген видеосы жарияланды. Ролик апта бойы сағат сайын 576 экранда көрсетіледі. Бұл туралы dimashnews.com сайты хабарлады.</p>

Димаш Мехико метросында «ән салады»

Тарқата айтар болсақ, Димаштың Мексикадағы фан-клубының арқасында бейнероликтер көрсетілді. Dears ең танымал теледидарлық желілердің бірі – Мехико қаласындағы метрода музыкалық бейнеклиптер мен мәдени жаңалықтарды орналастырумен айналысатын Isa TV-ге хабар тарату туралы өтініш жіберген.

Трансляцияның өтуі үшін Dears Isa TV ресми Instagram-аккаунтындағы посттың астына 2000 лайк жинау керек болған. Ал Димаш шығармашылығының жанкүйерлері оған небәрі екі күн­нің ішін­де қол жет­кізген. Осы­лай­ша, Мексика аста­насындағы ме­тро­­ның 70 стансасында Димаштың Fly Away әніне тү­сірілген видеосы көр­сетілді. Метро – қа­ланың негізгі көлік құ­ралда­ры­ның бірі. Сон­дық­тан бейнені 3 миллионға жуық адам көреді.

Бөлісу:
Димаш Мехико метросында «ән салады» · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар