Аймақтар
1 мин оқу 1,310

Балалар ауылындағы жылыжай

<p style="text-align: justify;">Атырауда отбасы үлгісіндегі &laquo;Ша&shy;ңы&shy;рақ&raquo; балалар ауылы бар. Қазір мұн&shy;дағы алты отбасында ата-ана қам&shy;қорлығынсыз қалған 53 бала тәр&shy;бие&shy;&shy;ленеді. Олар&shy;дың жасы &ndash; 3 бен 18-дің аралығында.</p>

Балалар ауылындағы жылыжай

«Шаңырақ» балалар ауылының директоры Гүлсара Ботатаеваның айтуынша, былтыр мұ­най ком­паниясының демеу­шілігімен Жайық өзенінің жағалауынан сегіз отбасына арналған тұрғын үйлер салынған еді. Мұнда өзін өзі тану және әлеуметтік бейімдеу орталығы бар. За­манауи конференц-залда балалардың онлайн-режімде оқуына мүмкіндік жасалған. Балалар Атырау қаласындағы үш мектепке қатынап оқиды.

– Балалар бос уақытын текке өткізбейді. Он жыл бұрын қоян өсіруді қол­ға алған едік. Қазір 12 қоян, 6 тауық пен 18 бала­пан асырап отырмыз. Де­меу­ші­лік көмек арқылы 2014 жылы тігін шеберханасында қыздар сахналық қойылымдарға, өзге де іс-шараларға арнал­ған киім­­дерді өздері тігеді. Сұ­­лулық салоны бар. Енді алдағы уақытта ұлдарға арналған ағаш өңдеу шеберханасы ашылады. Қа­зір үш станок сатып ал­дық, – дейді Гүлсара Ботатаева.

Жақында мұнда жылыжай ашылды. Оның құрылысына облыстық іскер әйелдер кеңесі ұйыт­қы болған. Кеңес жетек­шісі Гүлжан Мұхатае­ваның айтуынша, жылыжай құрылысына 2 млн теңге жұмсалған.

– Бұл жылыжай биыл­ғы­ ­Балалар жылына орай қолға алынды. Құ­ры­­­­­лысы маусым айында бас­­­­талды. Жылыжайдың аума­ғы 50 шаршы метрді құрайды. Жылыжай ашу­дағы мақсатымыз – отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбие­ле­ну­ші­лерін еңбекке бау­луға ықпал ету. Сол себеп­тен балалармен бірге кө­кө­ніс­­тердің көшетін егуге кел­дік, – дейді Гүлжан Мұхатаева.

Атырау облысы

Бөлісу: