Әлем
1 мин оқу 271

Калифорнияда алапат өрттен 2 адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Калифорниядағы орман өртін сөндіруге қолайсыз ауа-райы кедергі келтіруде, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Калифорнияда алапат өрттен 2 адам қаза тапты

Соңғы бірнеше күннен бері Калифорнияда аптап ыстық жалғасуда. Штатта жоғары температура мен құрғақ ауа райының салдарынан орман өрті өршіген. Қазір Калифорниядағы көптеген өрт ошағының көлемі ұлғайып жатыр. Олар әлі тиімді бақылауға алынған жоқ.

7 қыркүйек күні таңертең Калифорнияның оңтүстігіндегі Хеметтің тиісті департаменттері Фэрвью тауындағы өрт әлі де тез таралып жатқанын және өрт аумағы 2023 гектарға дейін кеңейгенін мәлімдеді. Ал өрттің небәрі 5%-ы ғана бақылауға алынған. Өрт салдарынан 2 адам қаза тауып, 1 адамды ауыр күйік шалған.  

Ғылымнұр КӘДІРБАЙ

Бөлісу:
Калифорнияда алапат өрттен 2 адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар