КХДР ядролық қарудан бас тартпайтынын мәлімдеді
<p style="text-align: justify;">КХДР басшысы Ким Чен Ын Пхеньяндағы 14-ші КХДР Жоғарғы Халық Жиналысының жетінші сессиясында сөйлеген сөзінде АҚШ Солтүстік Кореядағы режимді құлатқысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.yna.co.kr/view/AKR20220909015451504?section=politics/all&site=major_news01" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Ренхап</a> агенттігіне сілтеме жасап.</p>
7 қыркүйекте КХДР Жоғарғы Халық Жиналысының 14-ші шақырылымының жетінші сессиясы өтті. Онда Ким Чен Ын АҚШ-тың саяси позициясы жөнінде пікір білдіріп, КХДР жүз жылдық санкцияларға тап болса да, ядролық қарудан бас тартпайтынын мәлімдеді.
«АҚШ-тың мақсаты - біздің ядролық қаруымызды жою ғана емес, сайып келгенде, біздің ядролық күшімізді жою, өз-өзімізді қорғау құқығынан бас тартуға мәжбүрлеу, кез-келген уақытта режимімізді құлату үшін бізді әлсірету», деді ол.