Ауа райы
1 мин оқу 180

Қазақстанның орталығында үсік жүреді

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 10-12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мамандар антициклон Скандинавия түбегінің ауданынан ел аумағына ауысып, күздің суық ауа райын қамтамасыз ететінін айтты. 

«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен, елдің басым бөлігінде жауын-шашынның ықтималдығы байқалады: елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, желдің күшеюі және бұршақтың жаууы болжанады. 10-12 қыркүйекте батыста, 10 қыркүйекте шығыста, 11-12 қыркүйекте солтүстік-батыста, 12 қыркүйекте солтүстік және орталықта түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді», делінген Қазгидромет хабарламасында.

Бөлісу:
Қазақстанның орталығында үсік жүреді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар