Абай облысының табиғи ресурстар басқармасына жаңа басшы тағайындалды
<p style="text-align: justify;">Конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша Абай облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысы лауазымына Данияр Тоқтыбаев тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Данияр Жағыпарұлы 1976 жылы Павлодар облысы Краснокутск кентінде дүниеге келген. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін және Қазақстан-Американдық Еркін университетін бітірген.
Жұмысты Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімі аппаратының құрылыс, сәулет, ТКШ және жолдарды дамыту бөлімінің маманы болып бастаған.
Әр жылдары ШҚО сәулет-құрылыс бақылау басқармасында, ШҚО құрылыс басқармасында, ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында басшылық қызметтер атқарған.