Тағайындау
1 мин оқу 540
Абай облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы тағайындалды
<p style="text-align: justify;">Конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша Абай облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы лауазымына Айдын Бегімбеков тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Айдын Қуатжанұлы кәсіби жолын «Корпорация Аркада» ЖШС директорының орынбасары қызметінен бастады. Алматы қаласы құрылыс басқармасының әлеуметтік нысандар құрылысы бөлімінің басшысы болды. Алматы қаласының жайлы қалалық орта басқармасының бөлімін басқарды, Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары болды.
Бөлісу: