Спорт
1 мин оқу 410

Әлем чемпионатына аттанатын қазақстандық гимнасттар анықталды

<p style="text-align: justify;">14-18 қыркүйек аралығында Болгарияда көркем гимнастикадан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Дүбірлі додада Қазақстан намысын қорғайтын қазақстандық гимнасттардың есімдері белгілі болды.

Эльжана Таниева мен Айбота Ертайқызы жеке жарыстардағы медальдар үшін күреседі.

Топтық жаттығуларда Рената Жолдинова, Сағина Мұратқызы, Әсел Шүкірбай, Айдана Шаяхметова, Аружан Касенова және Роза Абитова бақ сынап көреді.

Бөлісу:
Әлем чемпионатына аттанатын қазақстандық гимнасттар анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар