Футбол
1 мин оқу 530

Қазақстан БАӘ командасымен жолдастық матч өткізеді

<p style="text-align: justify;">Қазақстан ұлттық құрамасы Біріккен Араб Әмірліктері командасымен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.</p>

19 қараша күні Абу-Даби қаласында өтеді. Нақты уақыты мен стадионы әзірге белгісіз.

Айта кетейік, Біріккен Араб Әмірліктері ФИФА рейтингінде 69-орында орналасқан. Бұл команданың Қатарда өтетін Әлем чемпионатына шығуына мүмкіндік болған еді. Дегенмен соңғы шешуші ойынында Аустралияға 1:2 есебімен жол берді.

Команданың ең жоғары жетістігі – 1990 жылғы әлем чемпионатына қатысқаны және 1997 жылы Азия кубогының күміс жүлдесі.

Бұған дейін Қазақстан және БАӘ өзара үш рет кездескен.

Бөлісу:
Қазақстан БАӘ командасымен жолдастық матч өткізеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар