Аймақтар
1 мин оқу 380

Абай облысы Шалабай ауылдық округінде өрт шықты

<p style="text-align: justify;">Жарма ауданының Шалабай ауылдық округінде құрғақ шөптің жануы тіркелді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«Оқиға орнында ТЖБ және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмыс істеуде. Қалбатау ауылынан 1 автобус жолға шықты. Жарма ауданының ТЖБ бастығының міндетін атқарушы да оқиға орнында. Өрттің аумағы шамамен – 40 га жерді құрайды», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Бесқарағай ауданында да өрт ошақтары тіркелген. Бір өрт ошағы сөндірілсе, екіншісі – оқшауланды. Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев жедел штаб отырысын шұғыл түрде өткізді. Ол ТЖД-ға жағдайды бақылауда ұстап, қосымша техника жіберуді тапсырды.

Бөлісу:
Абай облысы Шалабай ауылдық округінде өрт шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар