Ауа райы
1 мин оқу 370
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның солтүстік облыстарында күндіз қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, тек республиканың батысында антициклонның екпіні бар, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі жалғасады. Түнде Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының солтүстігінде топырақ бетінде 1-2 градус үсік жүреді.
Бөлісу: