Аймақтар
1 мин оқу 250
БҚО-да 153 адамды алдаған алаяқ сотталды
<p style="text-align: justify;">Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті қаржы пирамидасын ұйымдастырған азаматшаға қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Сот азаматшаны қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, жеті жыл мерзімге қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, бес жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.
«Тергеу барысында 7,5 млн теңгеден астам сомаға мүліктік залал келтірген 153 азамат анықталды», делінген хабарламада.
«Нұр жиһаз» онлайн жобасы жиһаз ойнату арқылы міндетті түрде жаңа салымшыларды тарту шартымен қаржы пирамидасын ұйымдастырған.
Бөлісу: