Оқиға
1 мин оқу 166

Атырауда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

<p style="text-align: justify;">11 қыркүйек күні кешкі уақытта Атыраудағы Балауса шағынауданында жедел жәрдем көлігі мен жол талғамайтын көлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Салдарынан үш адам ауруханаға жеткізілген.

Атырау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жедел жәрдем көлігі қосалқы жолдан шыққанда, негізгі жолмен келе жатқан Toyota Land Cruiser көлігімен соқтығысқан. Соққыдан жедел жәрдем көлігі үйдің қоршауына соғылған. 

«Жедел жәрдем көлігі жеке тұрғын үйдің қоршауына соғылған. Салдарынан жедел жәрдем көлігінің екі жолаушысы және Toyota жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Атырауда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар