Әдебиет
1 мин оқу 2,890

Тәурат қазақ тіліне аударылды

<p style="text-align: justify;">Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлт&shy;тық уни&shy;вер&shy;ситеті Дінтану кафедра&shy;сы&shy;ның профес&shy;соры, философия ғылым&shy;дарының докторы Нұртас Иманқұлов тұңғыш рет Тәурат кітабын қазақ тіліне аударды. Кітап &laquo;Тәурат бес кітап&raquo; деген атаумен жарық көрді.</p>

Тәурат қазақ тіліне аударылды

Бехор Ба­рух­тың жалпы редакциясымен шыққан қасиетті кітаптың Эрец Исраэльде 1997 жылғы түп­нұс­­қасы орыс тілі­не аударылған. Еу­­­­разия ұлттық уни­­­­вер­ситетінің про­­­­фессоры Нұр­тас Иман­құлов ау­­дар­маға 5 жыл жұм­саған.

Айта кететін жайт, аталған еңбек Нұр-Сұл­тан қаласында 14-15 қыр­күйек күндері өте­­тін Әлем­дік және дәстүрлі діндер көшбас­шы­лары­ның VII съезі қарсаңында жарық көріп отыр.

«Тәурат» сөзінің түбірі оқыту, тәрбие, нұсқау және заң деген мағынаны білдіреді. Кітап дін сала­сының қызметкерлеріне, дінтанушы ғалымдарға және дінге қызығушылық танытатын барша оқыр­манға арналған.

Тәуратты тұңғыш рет қазақ тіліне аударған профессор Нұртас Иманқұлов – көптеген кітаптың авторы. Оның туындыларының қатар­ында «Еврейлер тағылымы» және «Қазақия философиясы» басылымдары бар.

Бөлісу: