Қоғам
1 мин оқу 360

Ұлт ұстазына құрмет

<p style="text-align: justify;">Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын атап өту аясында &laquo;Қазпошта&raquo; акционерлік қоғамының елордалық филиалы &ndash; &laquo;Астана почтамты&raquo; бірқатар іс-шара өткізді. Филиал басшысы Б.Маликованың бастамасымен &laquo;Алаш&raquo; қозғалысының қайраткерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды.</p>

Ұлт ұстазына құрмет

«Астана почтамтының» қыз­мет­керлері ғылыми еңбектер тура­лы қызықты материал да­йын­дады. Іс-шараға дайындық барысында А.Байтұрсынұлының өмірбаянынан көптеген қызықты мәлімет білді. Ұлт ұстазы қазақ зиялыларының бастамасымен құрылған «Қазақ» газетінің бірін­ші редакторы болды. Газет бағдар­ламасында ең бастысы қазақ тілінің, мәдениетінің, мек­теп­тегі білім берудің даму мәселелерін жариялау қам­тыл­ды.

Филиалдың музейін­­де А.Байтұрсы­­нұлы­ның өмірінен қы­зықты құжат­тар енген көрме ұйым­дас­тырылды. Ескерткішке барған кезде, филиал ұжымы сол жерде орналасқан кітап­ханаларға да барды. Кітап­ханада Алаш рухани көсемі туралы ма­те­риалдар бар екен. Іс-шараға қатысу­шылар елор­дамызда осындай жылжымалы кітап­хана бар екеніне разы болды.

Гүлшат ТӨЛЕГЕНОВА,

«Астана почтамты» іс-қағаздар бөлімінің бас маманы

Бөлісу:
Ұлт ұстазына құрмет · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар