Бүгін «Барыс» кезекті ойынын өткізеді
<p style="text-align: justify;">Бүгін Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатының матчы өтеді, онда «Барыс» өз алаңында Челябинскінің «Тракторын» қабылдайды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> клубтың баспасөз қызметіне <a href="https://www.hcbarys.kz/games/khl/13965/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">сілтеме</a> жасап.</p>
Матч елорда уақытымен 19:30-да басталады. Ойын барысын KazSport және KHL TV телеарналарында тамашалауға болады.
Еске сала кетсек, «Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионатының басында «Динамо», СКА, «Витязь» және «Сочиден» ұтылып, төрт рет жеңіліс тапты.
«Барыс» пен «Трактордың» соңғы кездесуі өткен жылдың қараша айында өткен. Сол кезде елордалық клуб овертаймда 4:5 есебімен жеңіліп қалды.