Президент
1 мин оқу 5,550

Президент Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасын қабылдады

<p style="text-align: justify;">Кездесуде конфессияаралық диалог халықаралық қауымдастықты біріктіру жолдарын бірлесіп іздеудің маңызды құралы екені айтылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік рухани көшбасшылар съезінің қорытындысы жаһандық сын-қатерлерге бірлесе қарсы тұруға ықпал етіп, ұлтаралық келісімді, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы бауырлас Қазақстан мен Әзербайжан халықтары арасындағы достық пен ынтымақтастық байланыстарын нығайтудың маңызды екенін атап өтті.

Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырда Бакуге сапарының қорытындысына оң баға берді. Бұдан бөлек, Қазақстанның діндер мен өрткениеттер диалогын дамытуға айтарлықтай үлес қосқанын атап өтті.

Бөлісу:
Президент Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасын қабылдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар